ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
Бүгінгі күні облыста 29 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде 2017 жылы 7 МЖӘ шарты, 2018 жылы 11 МЖӘ шарты, 2019 жылы 11 МЖӘ шарты жасалды.
МЖӘ-нің 11 жобасы бойынша мемлекеттік бюджеттен инвестициялық шығындардың өтемақысы, операциялық шығындар, басқару үшін сыйақы түрінде шығындарды өтеу қарастырылған.
18 МЖӘ жобасы бойынша шығындарды мемлекеттік бюджеттен өтеу қарастырылмаған.
Осы жобалар бойынша жеке әріптестің кірістері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, мемлекеттік тапсырыс және ақылы қызметтер есебінен қалыптастырылады.
МЖӘ жобаларын іске асыру нәтижесінде мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізіле отырып, облыстық коммуналдық меншікке мүлік қабылданды.
МЖӘ шарттарының есебі www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында жүргізіледі.