ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары орындалды. Бәсекелестік ортаға 39 ұйым, оның ішінде 31 коммуналдық меншік ұйымы және «Павлодар» ӘКК» КЕ» АҚ 8 еншілес және тәуелді ұйымдары берілді.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
2020 жыл қорытындысы бойынша облыстық жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде 158 объект, оның ішінде 19 облыстық коммуналдық меншік объектісі бәсекелестік ортаға берілді. Оның ішінде 75 жылжымайтын мүлік объектісі (оның 45-і «бос»), негізінен ауылдық аймақта орналасқан. Жалпы бюджетке түсетін түсімдер 377,1 млн. теңгені, оның ішінде облыстық бюджетке түсетін түсімдер 185,9 млн.теңгені құрайды.
СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ
Облыс бойынша 104 сенімгерлік басқару шарты қолданылады:
Облыс - 6 шарт (1 кейін сатып алу құқығымен);
Қалалар, аудандар – 98 шарт (11 кейіннен сатып алу құқығымен).
МҮЛІКТІК ЖАЛДАУ (ЖАЛҒА АЛУ)
Бүгінгі күні облыста 493 мүліктік жалдау шарты жұмыс істейді, оның ішінде 154 облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) шарты (ЖӨБ есепке алғанда), ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша түсімдер сомасы 100,9 млн.теңгені құрады (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 63,9 млн. теңгеге кем (164,8 млн. теңге), оның ішінде облыстық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) 172 шарт, олар бойынша түсімдер сомасы 46,5 млн. теңгені құрады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бюджетаралық қатынастар, кредит беру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерін және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарды аудандық деңгейден облыстық деңгейге бергеннен кейін 2021 жылы қосымша 175 мүліктік жалдау (жалға алу) шарты, сондай-ақ 40 сенімгерлік басқару шарты жасалатын болады.
Жалдау шарттарын жасасу балансұстаушының бастамасы негізінде объект (орналасқан жері, ауданы, нысаналы пайдаланылуы және т.б.) бойынша тиісті деректерді қоса бере отырып, жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Павлодар облысының мүліктік жалдауға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ жекешелендіруге беруге ұсынылатын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі Gosreestr.kz порталында – Мемлекеттік мүлік тізілімі, электрондық сауда-саттық, Жалға ұсынылатын объектілер бөлімінде орналастырылады.