Summer k-pop star фестивалі

Summer k-pop star фестивалі

2022 жылғы 19 тамызда Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында жыл сайынғы Summer k-pop star фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты түрлі этностардың жастарын біріктіру, би ұжымдары арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты бәсекелестік қалыптастыру, заманауи Кәріс би мәдениетін ілгерілету, шығармашыл жастардың дарынын нығайту. Фестивальге Павлодар, Нұр-Сұлтан және Екібастұз қалаларынан k-pop стиліндегі би нөмірлерін ұсынатын 14 ұжым қатысты.

Фестиваль жеңімпаздарына DG Team ( Нұр-Сұлтан қ.) тобына 100000 теңгеге сертификат берілді, екінші және үшінші орын иегерлері - S.A.Y. тобы( Нұр-Сұлтан қ.) және Dionysus тобы (Екібастұз қ.) фестивальдің құрмет грамоталарын алды. Барлық қатысушылар «Somang» Павлодар облысының кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен өтті.