«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ телеканал арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 119 кабинет мекенжайына жіберіледі, «Павлодар облысының ақпарат және әлеуметтік даму басқармасы» ММ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі қабылдайды. 2022 жылғы 27 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11.00-де Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 105-кабинет мекенжайы бойынша ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға ________ деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
Павлодар облысының 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі
(Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы)