Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

(бұдан әрі – Басқарма)
Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және дербес заңды тұлға мәртебесіне ие емес. 1.2. Бөлімнің штаттық саны мен қаржыландырылуы «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің есебінен жүзеге асырылады. II. Бөлімнің миссиясы, мақсаты, қызмет түрі, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 2.1. Бөлімнің миссиясы: Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру. 2.2. Бөлімнің мақсаты: Басқарманың ақпараттық рейтингін және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету. 2.3. Бөлімнің қызмет түрі: БАҚ мазмұнын талдау және мониторингтеу, сондай-ақ ақпараттық саясат саласындағы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру. 2.4. Бөлімнің негізгі міндеттері: Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу мәселелері бойынша Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау. 2.5. Бөлімнің функциялары: - Бөлімнің ақпараттық-анықтамалық материалдарын дайындау, тақырыптық медиажоспарларды жасау және олардың орындалуын ұйымдастыру; - Павлодар облысы қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарымен ақпараттық-насихат топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және сыртқы (визуалды) жарнаманың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл формалары мен әдістерін айқындау; - Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа техникалық сипаттамаларды әзірлеу; - Ақпараттық саясат саласындағы мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың іске асырылуына бақылау жасау (орындалған жұмыстар (қызметтер) актілерін, қаржылық және шығармашылық есептерді тексеру және қол қою – егер қарастырылған болса); - Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы аясындағы іс-шаралар жоспарының орындалуын ұйымдастыру; - Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жүргізу (хат алмасу, есептер, ақпарат және мәліметтер жинау); - «Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; - БАҚ деректер базасын тоқсан сайын жаңарту; - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. 2.6. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері: - Ақпараттық саясат мәселелері бойынша Бөлім қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды Басқарма басшысының қарауына енгізу, сондай-ақ бөлімнің қызметіне қатысты ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды дайындау; - Бөлімнің міндеттері мен функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша Басқарманың басқа бөлімдерінен белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу; - Өз құзыреті шегінде Басқарма ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу; - Мемлекеттік органдардың БАҚ-пен жұмыс жүргізуге уәкілетті тұлғаларымен өзара әрекеттесу. III. Бөлім қызметін ұйымдастыру 3.1. Бөлімді басқару Бөлім басшысына жүктеледі, ол Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді. 3.2. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.
Дата публикации
18 июля 2025