«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) облыстық деңгейде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру;
2) Павлодар облысында қоғамдық-саяси және діни ахуалды, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін, этносаралық келісімді қамтамасыз етуді мониторингілеу, талдау және болжау жүйесін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша ұйымдастыру;
3) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттауды және тәрбиелеуді, этносаралық төзімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;
4) этносаралық, конфессияаралық келісімді, азаматтардың ар-ождан бостандығы кұқықтарын және өңірдегі діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
1) Павлодар облысының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық процестерді демократияландыруды және қоғамды біріктіруді қамтамасыз ету, ақпарат және қоғамдық даму, діни қызмет және жастар саясаты саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мониторингілеу және талдау бойынша өзара іс-қимыл жасау, этносаралық қатынастар саласындағы, диаспора саясатындағы, отандастармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) қоғамдық және діни бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіподақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғам мүшелерін және басқа үкіметтік емес ұйымдарын қолдау және өзара іс-қимыл жасаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;
3) ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға ықпал ету;
4) Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму саласындағы басымдықтарын әзірлеу;
5) мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі актілерін және тапсырмаларын, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімі актілерін іске асыру барысының орындалуын мониторингілеу;
6) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;
7) ақпарат және қоғамдық даму мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын қалыптастыруға негізделген қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
8) облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
9) Павлодар облысында қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған әлеуметтік және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;
10) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11) елдегі дін саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорытындылау және талдау;
12) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
13) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
14) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасау;
15) азаматтылықты тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті нығайту, елдің мемлекеттік рәміздеріне, оның тарихына, мәдениетіне және халықтың салт-дәстүрлеріне құрметті, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік сезімін тәрбиелеу.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру;
2) Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
5) ішкі саясат саласында, этносаралық және конфессияаралық қатынастар, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
6) облыстың үкіметтік емес ұйымдары туралы мәліметтерді қалыптастыру, жинақтау және уәкілетті органға есеп ұсыну;
7) саяси партиялармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара байланыстарды жүзеге асыру;
8) мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әдістемелік көмек көрсету және қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және ақпарат ұсыну;
9) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік және заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
10) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
11) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
12) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру, өзекті мәселелерді анықтау және шешу үшін жастардың қажеттіліктерін бағалау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
13) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастыру;
14) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға ықпал ету;
15) жастардың ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
16) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз ету;
17) қазақстандық патриотизмді және этносаралық төзімділікті нығайту жөніндегі шараларды қолдану;
18) өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау
19) өңірде жұмыс жасайтын діни бірлестіктердің, миссионерлердің, білім берудің рухани (діни) ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау;
20) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
21) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
22) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу бойынша ұсыныстар енгізу;
23) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты өтініштерін қарастыру;
24) жергілікті деңгейде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
25) діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыруды бекіту, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыруды келісімдеу;
26) ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) құрылысы, оларды орналас-тыратын орындарды белгілеу, сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта өзгерту (функционалдық қолданылуын өзгерту);
27) діни бірлестіктер құратын бастамашы азаматтардың тізіміне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
28) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу;
29) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстар ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асыру, бұл мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
30) Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуына (орнату, орналастыру) бақылауды жүзеге асыру;
31) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, мониторинг жүргізуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
32) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құру;
33) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат ұсыну;
34) этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерттеу және талдау, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша сапалы зерттеулерді қамтамасыз ету және бақылау;
35) Басқарманың құзыреті шеңберінде мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
36) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша облыс ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
37) этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған аймақтық іс-шаралар, акциялар мен жарыстарды бірлесіп өткізу, этносаралық қарым-қатынастар саласында облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына консультативтік көмек көрсету;
38) этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен этносаралық келісім мен төзімділікті нығайту үшін өзара әрекеттесуді және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымыз – этникалық қазақтардың жағдайын мониторингілеу және талдау;
40) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымызды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
41) облыс ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
42) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асыру және оны Ассамблея Аппаратына (Хатшылығына) тұрақты негізде беру;
43) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды атқару.
1) Павлодар облысы әкімінің қарауына облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және өзге материалдар дайындауды жүзеге асыру;
2) «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
5) барлық соттарда, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда облыс әкімінің мүдделі өкілі болу;
6) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі негізінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдар деректері базасына дұрыс емес, толық емес мәліметтер ұсынғаны немесе ұсынбағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастыру;
7) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді атқару.
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттерін, сондай-ақ «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функцияларын және өкілеттіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына тәуелсіз өзге де ұйымдарда білдіреді;
6) «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.
«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мүлік оған мемлекетпен берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
35.«Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (КҚТДО);
Ведомствоаралық топтың есебінің нәтижелеріне сәйкес сағат аударымы табиғи циклге сәйкес келеді
Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерін бір сағатқа артқа ауыстыру табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді және уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының есебінде көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдерге негізделген. Осы есептің нәтижелеріне сәйкес UTC + 5 Уақыт белдеуі күн-түн табиғи цикліне сәйкес келеді, яғни Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде табиғи циклге барынша жақын стандартты уақыт белдеуі болып табылады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысы
"Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысында 118 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде:
Облыстық этномәдени бірлестіктердің 24 филиалы
қалалық этномәдени бірлестіктердің 25 филиалы
аудандық этномәдени бірлестіктердің 35 филиалы
ауылдық этномәдени бірлестіктердің 34 филиалы
Павлодар қаласында 25 этномәдени бірлестік тіркелген
Павлодардағы Достық үйінде қазақ, неміс, әзербайжан, поляк, татар тілдерінде курстар бар.
Сондай-ақ, Достық үйінің ғимаратында орналасқан «Қ. Даржұман атындағы Ұлттық қарсылық мектебі» КММ-де 15 этнос тілін оқиды: әзербайжан, армян, болгар, белорус, грек, еврей, поляк, ккорей, румын-молдаван, украин, шешен, ингуш, фин.
Қосымша ақпаратты 321990, 301208, 328169 телефондары абойынша алуға болады (Павлодар қ., М. Жүсіп көш., 35/1 үй)