
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) » Кодексінің 529-бабына 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, аудан
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмайтын жылжымайтын мүліктеріне салық салу мақсатында бағалу үшін Ертіс ауданы бойынша аймақтау коэффициенті осы қаулының қосымшасында келісілсін.
2.Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмайтын жылжымайтын мүліктеріне салық салу мақсатында бағалау үшін Ертіс ауданы бойынша аймақтау коэффициентін келісу туралы» № 315/9 қаулысының күші жойылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Шәріповке жүктелсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |