Ертіс ауылында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Ертіс ауылында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде ауылдық округтерінің тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысып, өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-25 пайызға төмен ұсынды. Атап айтқанда, жылқы, қой, сиыр, құс еттері, май, қаймақ, сүт, ірімшік, жұмыртқа, көкөніс өнімдері сатылды.

Ауданның өнерпаздары концерттік бағдарламаны ұйымдастырып, көпшіліктің көңілін көтерді.