
"ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ" ММ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабын, 5-тармағын, "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру мақсатында " 2021 жылғы 12 сәуірдегі №1-35/12-1, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2022 жылғы 01 маусымнан 2022 жылғы 16 маусымға дейін.
Талданатын кезең: 2022 жылғы 01 қаңтардан 2022 жылғы 16 маусымға дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару:
2) мемлекеттік қызмет көрсету:
3) мүдделер қақтығысын реттеу:
4) рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру
5) инспекцияның ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Инспекция өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР "өсімдіктерді қорғау туралы", "өсімдіктер карантині туралы" Заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы инспекцияның құзыретін көздейтін заңнаманы зерделеді.
Мемлекеттік қызметтерді зерделеу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Штат саны - 5 адам, оның ішінде: 1 - басшы, 2 – бас маман, 2-Техникалық персонал бірлігі.
Тәртіптік жазалар бойынша талдауды жүзеге асыру кезінде 2022 жылдың басынан бастап тәртіптік жазалар жоқ екені анықталды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
2022 жылдың 1-2 тоқсанында карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге 78 фитосанитариялық сертификат және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанның басқа өңірлеріне әкетуге 14 карантиндік сертификат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түспегені анықталды.
Инспекция қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін жағдайларының алдын алу мақсатында қызметкерлермен мүдделер қақтығысының мәнін, оны реттеу тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзуға көзделген жауапкершілік шараларын түсіндіруге бағытталған консультациялық жұмыс жүргізіледі.
Ертіс ауылы Интернациональная көшесі 6 мекенжайы бойынша орналасқан "ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ" ММ инспекция лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заңдарды бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 2-47-17 сенім телефоны жұмыс істейді