Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Бруцеллезды алдын алу

Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру..

         Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • алиментарлық
  • ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.

Диагностикасы

  1. бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану
  2. биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
  3. иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін
  4. агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
  5. серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
  6. аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы

Диспансеризация

Жедел және жеделдеу түрінде 3 жыл. Созылмалы түрінде әр 3 ай сайын тексерілуі керек.

Алдын алу

  • Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.
  • Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса.
  • Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз.
Дата публикации
14 июня 2022
Дата обновления
14 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы