Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Коммерциялық емес ұйымдарға және қатардағы азаматтарға жүгіну

Ертіс ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобы    коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен қатардағы азаматтарға Қоғамдық кеңес мүшелеріне кандидаттар туралы ұсыныстар жіберулерін сұрайды. 

      Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

      Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азамат  Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

       Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін

заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі хабарлама жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні, яғни  2022 ж. 11 сәуірге дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Ертіс ауылы Желтоқсан  көшесі, 104, «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ  каб.  2,  анықтама үшін тел. 8(71832)2-20-02, e-mail:irtmaslihat909@mail.ru эл.поштаға құжаттарды тапсыруға болады.

Дата публикации
28 марта 2022
Дата обновления
28 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы