
Ертіс ауданының Қоғамдық кеңесінің қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ертіс ауданы Қоғамдық кеңестен шығып қалған мүшелерінің орнына Ертіс ауданының Қоғамдық кеңеске азаматтық қоғамның өкілдері санынан кандидаттардың резервтік тізімді қалыптастыруын хабарлайды.
Ниет білдірушілерге мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатттардың резервтік тізімге енгізу үшін азаматтың жазбаша өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін
заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі хабарлама жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні, яғни 2022 ж. 11 сәуірге дейін.
Резервтік тізімге енгізуіне ниет білдірушілер Ертіс ауылы Желтоқсан көшесі, 104, «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ каб. 2, анықтама үшін тел. 8(71832) 2-20-02, e-mail: irtmaslihat909@mail.ru эл.поштаға құжаттарды тапсыруға болады.
Ертіс аудандық мәслихаты