
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ертіс аудандық мәслихаты Ертіс ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкес қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі. Байқаушы болуға ниет білдірген адам облыстық мәслихатқа Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады не электрондық поштасына жібереді.
Ұсыныстарды осы мекенжайға: Ертіс ауылы Желтоқсан көшесі, 104, «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ каб. 2, анықтама үшін тел. 8(71832) 2-20-02, e-mail: irtmaslihat909@mail.ru эл.поштаға тапсыруға болады.
Ертіс аудандық мәслихаты