Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Сіздің денсаулығыңыз –өз қолыңызда!

Туберкулез - бұл адам ағзасының барлық мүшелеріне, көбіне өкпеге әсер ететін микобактерия туберкулезінен туындаған жұқпалы ауру.

Туберкулез Қазақстанда және бүкіл әлемде ең көп кездесетін аурулардың бірі болып қалады.

Туберкулез эпидемиологиясына қолайсыз әр түрлі  әсерлердің арасынан екі  маңызды факторды белгілеуге болады: халықтың әр түрлі жұқпалы  ауруларға  иммунитетінің жалпы төмендеуі  және туберкулез инфекциясы көздерімен байланыстың артуы.

Мұның  бәрі  алдын – алу  шаралары, туберкулезді ерте анықтау және емдеуге ерекше көңіл аудартады.

Қазіргі уақытта аурудың ерте сатыларында анықталмаған туберкулез ауруының таралуы байқалады, бұл туберкулез эпидемиологиясы мен  клиникалық көрінісіндегі өзгерістермен түсіндіріледі (көбінесе салмақ жоғалту және тәбетінің төмендеуі, ұзақ жөтел - бұл аурудың алғашқы белгілері), сондай-ақ, бұл ауруға халықтың назары төмендеуде.

Туберкулезді емдеуге болады және оған қарсы күрес маңызды рөл атқарады. Баланың туылуымен ауруханада БЦЖ егу арқылы иммунитет пайда болу үшін туберкулезді алдын-алу басталады. Болашақта БЦЖ регенерациясы 7 жылда жүргізіледі және 12 айдан бастап туберкулезді ертерек анықтау үшін балалар мен жасөспірімдердің туберкулиндік диагностикасы жыл сайын өткізіледі.

Ата-аналар назарына: БЦЖ вакцинациядан бас тартпаңыз, бұл сіздің балаларыңызды туберкулездің ауыр формалары бар аурудан қорғайды, ал туберкулиндік диагностика ауруды ерте сатысында анықтайды!

Туберкулезге қарсы күрестің ең маңызды сатыларының бірі – ересек тұрғындардың тұрақты флюорографиялық тексерілуі – ерте кезеңде өкпе ауруларын диагностикалаудың қарапайым және сенімді жолы. Ертіс аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы  жыл сайын Ертіс ауданының тұрғындарын флюорографиялық тексеруден өтуге шақырады, туберкулез неғұрлым ертерек анықталса, оны емдеу жеңілдеу болады. Флюорографиялық сәулеленудің  дозасы өте аз, ал туберкулезбен ауыру қаупі әлдеқайда жоғары.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы