
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1 Заңына сәйкес селекциялық жетістікке құқық патентпен расталады. Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.
Селекциялық жетістікке патент ұсынатын құқықтық қорғау белгілері сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен айқындалады.
Селекциялық жетістікке Патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі.
Алдын ала сараптаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сараптама ұйымы жүргізеді.
Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді, селекциялық жетістікті қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптауды және сынауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасы