Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық құралдарды құқықтық қорғау

Шығарма (компьютерлік бағдарлама) авторының меншік құқығы және материалдық объектіге меншік құқығы.

Компьютерлік бағдарламалар авторлық құқықтың ерекше объектісі болып табылады және нақты тәсілді қажет етеді. Авторлық құқық объектісі – бұл шығарма, оның әр түрлі түрлері, мысалы, әдеби, музыкалық, драмалық және т.б. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 7-бабына авторлық құқық объектісі ретінде компьютерлік бағдарламалар немесе бағдарламалық жасақтама және мәліметтер базасы деп аталатындар кіреді және оларды аталған Заңның 2-бабында анықтайды.

Соңғы елу жеті жыл ішінде компьютерлік құрылғылар жасалғаннан бастап (компьютерлердің бірінші буыны 1946 жылы пайда болды), көп уақыт өткен жоқ, бірақ компьютерлер қоғам өмірінде   өзінің лайықты орнын алды. Бүгінгі таңда көптеген заңды және жеке тұлғалардың қызметін компьютерлерсіз елестету мүмкін емес, олар машиналар, калькуляторлар және т.с.с қарабайыр техникалық құрылғылардың орнын  басқан. Компьютерлер қазіргі кезде адам еңбегін оңтайландыру, әр түрлі сипаттағы күрделі тапсырмаларды дәлірек орындау қажет болған жерде қолданылады. Қазіргі кезде олар әлемдік нарықта кең таралған зияткерлік меншік объектілерінің біріне айналғаны күмән тудырмайды.

Компьютерлер санының көбеюі нәтижесінде олардың бағдарламалары оқудың және жетілдірудің жеке пәніне айналды. Компьютер техникалық құрал болып қалды және оны техникалық құрал ретінде қорғау мәселелері патенттік заң мен реттеле берді.  Көптеген қолданушылар өздерінің бағдарламаларын жасай бастады. Олар компьютерлік бағдарламалардың маңыздылығын және құқықтарды техникалық құрылғыдан бөлек қамтамасыз ету қажеттілігін түсінді. Осылайша, заңгерлер алдында компьютерлік бағдарламаларға құқықтарды қамтамасыз ететін алғашқы заңдарды әзірлеу міндеті тұрды.

Бүгінгі таңда көптеген елдер компьютерлік бағдарламалардың авторлық құқығынқ орғауға көшті. Қазақстан осындай елдердің бірі болып табылады және «... біздің заңнамамыз компьютерлік бағдарламаларды авторлық құқық объектілері ретінде шығармалармен тең дәрежеде жіктейді».

Авторлық құқықтың басқа объектілері сияқты компьютерлік бағдарламаларға арналған авторлық құқық «автордың немесе авторлық құқық иесінің бүкіл өмірінде және ол қайтыс болғаннан кейінгі 70 жыл ішінде жарамды, оның мерзімі қайтыс болған жылдан кейінгі 1 қаңтардан бастап есептеле бастайды». Әр елде құқықтардың қолданылу мерзімі әртүрлі болатынын ескеруқажет. Сондай-ақ, компьютерлік бағдарламалардың авторы лизинг арқылы бағдарламаның түпнұсқасын немесе көшірмесін тарату құқығына ие. Авторлық сыйақыны есептеу мөлшері мен тәртібі авторлық келісімде белгіленеді. Қолданыстағы заңнамада компьютерлік бағдарламалар мен мәліметтер базасын ақысыз көбейту жағдайлары қарастырылған. Жоғарыда аталған Заңның 24-бабына сәйкес «компьютерлік бағдарламаның немесе мәліметтер базасының көшірмесіне заңды түрде иелік ететін тұлға автордың немесе құқық иесінің рұқсатын алмай және сыйақы төлемей-ақ, пайдаланушының техникалық құралдарында оның жұмыс істеуі үшінғана жүзеге асырылатын компьютерлік бағдарлама мен мәліметтер базасына өзгерістер енгізе алады. Компьютерлік бағдарламаның немесе деректер базасының жұмысына байланысты кез-келген әрекеттерді, оның ішінде компьютердің жадына жазуды және сақтауды, сондай-ақ анықталған қателерді түзетуді қоса, егер автормен келісімде өзгеше көзделмесе; компьютерлік бағдарламаның немесе мәліметтер базасының көшірмесін жасауға, егер бұлкөшірме тек мұрағаттық мақсатқа арналған болса және компьютерлік бағдарламаның немесе мәліметтер базасының түпнұсқасы жоғалған, жойылған немесе жарамсыз болып қалған жағдайларда заңды түрде алынған көшірмені ауыстыру керек».

Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасы

Дата публикации
08 сентября 2021
Дата обновления
08 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы