Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Тауар таңбасын,қызмет көрсету таңбасын,тауар шығарылған жерлердің атауын қорғау.Заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбаларын құқықтық қорғау оларды осы Заңда белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай-ақ халықаралық шарттарға орай тіркеусіз беріледі.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Тауар белгісі - бір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын белгі.

Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау ережесінің 3-тармағына сәйкес сөздік белгілерге сөздер; сөздік сипаты бар әріптердің тіркестері; сөз тіркестері; сөйлемдер; тілдің басқа бірліктері, сондай-ақ олардың тіркестері жатады. Мұндай тауар белгілерінің мысалдары әлемге әйгілі Coca-COLA, SPRITE, SONY, TOYOTA брендтері болып табылады. Сөздік тауар белгісі сөздіктен алынған немесе жаңадан пайда болған, қиял сөзі немесе сөз тіркесі болуы мүмкін.Тауар белгісін тіркеу үшін өтініш беруші «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-ға өтінімді пошта немесе факсимильді байланыс арқылы үш данада беруі қажет. Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы берілсе, онда ол факсимильдік байланыс арқылы өтінім келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасымен расталады. Тауар таңбасына өтінімге осыған уәкілеттік берілген лауазымды адам не дара кәсіпкер қол қоюға тиіс. Егер өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілсе, онда өтінім материалдарына оған сенімхат қоса берілуге тиіс.Заңның 10-бабына сәйкес тауар белгісінің басымдығы сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күн бойынша белгіленеді. Егер өтінім беру көрсетілген күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылған болса, басымдық 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы елде тауар белгісіне бірінші өтінім берілген күн бойынша да белгіленуі мүмкін (конвенциялық басымдық). Мұндай басымдықты берудің негізгі шарты бастапқыда берілген елдің ішкі заңнамасына сәйкес Ұлттық өтінімді дұрыс ресімдеу болып табылады.«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңда сондай-ақ халықаралық көрмеде экспонатты ашық көрсету басталатын күн бойынша белгіленетін көрме басымдығы көзделген. Алайда, сараптамалық тәжірибеде көрме басымдығымен өтінім беру өте сирек жағдай.

 

     Құқықтық қорғау тұрғысынан Қазақстан Республикасы жақсы құқықтық базамен қамтамасыз етілген. Қазақстанда тіркелген тауар белгілерін қорғаудың жеткілікті тиімді әдістері бар. Ең алдымен, осы жұмыспен тікелей айналысатын ресми органдар,атап айтқанда Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті, өңірлік әділет басқармалары, ал олардың құрамында зияткерлік меншік жөніндегі бөлімдер бар. Бұл жұмысты Қаржы полициясы мен кеден сияқты органдар да жүргізеді.Бірнеше жылдар бойы мемлекеттік органдар тауар белгілерін қорғау мәселесінде өте белсенді ұстанымға ие болды.«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары қызметі тауар таңбасына өтінімге сараптама жүргізумен тікелей айналысады.Заңның 4-бабында тауар таңбасына құқық куәлікпен куәландырылатыны және тауар таңбасы иесінің куәлікте көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалануға және оған билік етуге айрықша құқығы бар екені белгіленген.

Тауар белгісін тіркеу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады және көрсетілген мерзім келесі он жылға шектеусіз рет ұзартылуы мүмкін.Алайда, тіркеудің қолданылу мерзімі өткен тауар белгісін тіркеудің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын басқа заңды/жеке тұлғаға тіркеуге болмайды. Аталған мерзім «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 Заңына сәйкес қолданылады. Тауар таңбасын бұрын қайта тіркеу тіркеудің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жыл ішінде жүргізіле алмады.

     Тауар таңбаларын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке келетін болсақ, ҚР заңнамасында келесі түрлері қарастырылған: 1) азаматтық-құқықтық жауапкершілік: ҚР Азаматтық кодексінің 1032-бабы тауар таңбасына құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікке арналған. Мәселен, тауар белгісін не оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні құқыққа сыйымсыз пайдаланатын тұлға бұзушылықты тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірілген залалды өтеуге міндетті (осы Кодекстің 9-бабы). Атап айтқанда, тауар таңбасын заңсыз пайдаланатын адам Тауар таңбасының дайындалған бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның орамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе араластыру дәрежесіне дейін соған ұқсас белгіні алып тастауға міндетті. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды орындау мүмкін болмаған кезде тиісті тауар жойылуға жатады. Бұдан басқа, тауар белгісіне айрықша құқығы бар адам осы құқықты бұзушыдан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының негізінде келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 2) әкімшілік жауапкершілік: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 145 - бабына сәйкес бөтеннің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін соған ұқсас белгілерді заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, онда олар жеке тұлғаларға-оннан отызға дейінгі, лауазымды адамдарға-отыздан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде белгіленеді. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс - әрекеттер жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға-елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға-жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3) қылмыстық жауаптылық: ҚР Қылмыстық кодексінің 199-бабына сәйкес «тауар таңбасын Заңсыз пайдалану»: 1. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, тауар шығарылған жердің атауын немесе соларға ұқсас белгілерді біртекті тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де кірісінің мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не, немесе екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарымен айналысуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасында тіркелмеген тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына қатысты ескерту таңбасын заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш айға дейінгі мерзімге қамаққа алуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

    Қазақстан Республикасының аумағында тауар таңбаларына құқықтық қорғауды ұсынудағы негізгі сәттер осындай.

 

Ақтоғай ауданаралық Әділет басқармасының басшысының м.а.

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі Ж.Ж.Сулейменова

 

Дата публикации
20 августа 2021
Дата обновления
20 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы