Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Жол бойындағы сервис

Жол бойындағы сервис, ішкі туризм, мемлекеттік қолдау шаралары - осы және басқа мәселелер Павлодар облысының туристік индустриясының кәсіпкерлері мен «Kazakn Tourism» ҰК АҚ өкілдерінің кездесуі кезінде көтерілді.

Өзекті мәселелерді талқылауға Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ облыстағы туризм және спортты дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Саят» ЖШС-нің жетекшісі Гүлмира Отарғалиева қазіргі уақытта облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуға арналған кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу ережелеріне ерекше назар аудару қажет дейді. Өйткені, саяхатшыларға, әсіресе республикалық маршруттағы жолдарда емес өз маршрутын жүргізетіндерге қолайлы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер қазақстандықтар үшін көптен күткен шаралардың бірі - ішкі әуе жолдарындағы балалар үшін төлемдерді өтеу (KIDS GO FREE механизмі) туралы мәселе көтерді.

Бұл шара ең жақсы 10 бағыт бойынша ұйымдастырылған отбасылық демалысты арттыруға бағытталған және туроператорлар арқылы жүзеге асырылады.

Бұл механизм 14 жасқа дейінгі балалары бар отбасын қоса алғанда, балалар билеттерінің құнын шегергеннен кейін жолдамаларды сататын туроператорлар арқылы қазақстандық курорттарға билет сатып алуы керек дегенді білдіреді.

4 түн және 5 күн үшін талаптар болады. Осылайша, Қазақстанда отбасылық демалыс ынталандырылады.

Кездесу нәтижесінде «Kazn Turizm» ҰК» АҚ өкілі Асхат Смайылов жоғарыда аталған мәселелердің барлығы ескеріліп, республикалық деңгейде талқыланатынын қорытындылады.

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы