Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНАН «АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНА 9 КӘСІПОРЫН ҚАТЫСАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына Павлодар облысының кәсіпкерлерінен алдыңғы жылдармен салыстырғанда ең көп өтініш түскен.Бұл туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.   Дәстүр бойынша павлодарлық үздік кәсіпорындар ең беделді «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауында өздерінің сапа саласындағы жоғары жетістіктерін растайды. Биыл үміткерлерден 9 өтініш түсті», – деді Серік Сәдуақасов.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш аталымда үш санатта тағайындалады:

-«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

-«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

-«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын»;

-«Ауылшаруашылық және/немесе азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын».

 Әр аталым бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

-Шағын кәсіпкерлік субъектісі;

-Орта кәсіпкерлік субъектісі;

-Ірі кәсіпкерлік субъектісі;

-Үздік индустриялық жоба;

-Үздік инновациялық жоба.

Сыйлық лауреаттарына диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшалай сыйлық беріледі. Сонымен қатар, лауреаттар төрт жыл ішінде «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнама мақсатында пайдалану құқығын алады.

 

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#РПППавлодар

Дата публикации
12 июля 2021
Дата обновления
12 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы