Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САБЫНДЫКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов туристік сала кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер орын алған проблемаларымен бөлісіп, жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Туристік компаниялар қауымдастығының басшысы Тілектес Мусенова туған өлкенің тарихын зерттеу мақсатында Павлодар облысында балалар туризмін ұйымдастыру қажеттілігі туралы айтты.

Сонымен қатар өнеркәсіптік туризмді де жолға қою ұсынылды, мұндай бағыт балалардың ой өрісінің кеңеюіне ықпал етіп, болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі. Осы ретте кәсіпкерлер бұл бастаманы іске асыру үшін мемлекеттік қолдау қажет деп санайды.

Кездесуге қатысушылар туристік агенттіктердің Павлодар облысы аумағында орналасқан демалыс үйлері және туристік базалармен өзара іс-қимыл жасауында түйткіл барын айтты.

Туристік фирмалар өкілдерінің айтуынша, демалыс үйлері туристік фирмалармен келісімшарт сомасынан 10% мөлшерінде төлеу қажеттілігі себепті олармен жұмыс істегісі келмейді.

Осының бәрі өзге өңірлердегі туристердің демалыс орындарындағы бос орын және басқа да қызметтер жайында хабарсыз болуына әкеп соғады. 

Туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы Салтанат Нұрмағамбетова жаз мезгілінде Жасыбай көліне келушілер санын азайту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, кәсіпкерлерге Сабындыкөл көлінде туристік бизнесті дамытуды ұсынды. Әлеуетті инвесторлар үшін Баянауыл ауданы әкімдігінің қарауына жататын бос жер учаскелері қарастырылған.

Бұған қоса жыл он екі ай үзілмейтін туризмді ұйымдастыруға әлеует бар.

Кездесуге қатысушылар көтерген тағы бір мәселе Ертіс өзенінің жағалау аймағында демалысты ұйымдастыруға қатысты.

 «Роман Тур» ЖШС директоры Игорь Черных туристер көп жағдайда Ертіс өзені жағасында, табиғат аясында демалғысы келетінін айтты. Алайда демалыстың мұндай түрін ұйымдастыру мүмкін болмай тұр.

«Royal Triumph» ЖШС директоры Гүлжайна Дәрімова облыста балалар демалысын ұйымдастыруға лагерлер жеткіліксіз екенін айтты. Облыстағы жұмыс істеп тұрған екі лагерь сұраныстың бүкіл ауқымын қамти алмайды.

 Кездесу қорытындысы бойынша Серік Сәдуақасов кездесуде айтылған мәселелердің бәрі жұмысқа алынып, орталық органдар деңгейінде талқыланатынын айтты.

 

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#РПППавлодар

Дата публикации
12 июля 2021
Дата обновления
12 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы