Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын уақытылы ұсыну туралы

           «ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру және өткізумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне фитосанитариялық есепке алу нысандарын уақытылы ұсыну қажеттілігін еске салады.

        Фитосанитариялық есепке алу - өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңызды құралдарының бірі. Ұсынылатын мәліметтер фитосанитариялық ахуалға мониторинг жасауға, пестицидтерді пайдалану мен айналымын, химиялық өңдеулердің жүргізілуін бақылауға, сондай-ақ зиянды организмдердің таралуының алдын алу жөнінде уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығымен бекітілген «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) бұйрығына сәйкес фитосанитариялық есепке алудың мынадай нысандарын ұсыну көзделген:

       ФУ-1 – пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп – жылына екі рет, 5 шілдеге дейін және 5 қаңтарға дейін ұсынылады;

       ФУ-2 – пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп – жылына екі рет, 5 шілдеге дейін және 5 қаңтарға дейін ұсынылады;

       ФУ-3 – пестицидтерді сақтау туралы есеп – жылына екі рет, 5 шілдеге дейін және 5 қаңтарға дейін ұсынылады;

       ФУ-4 – химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп – наурыз пен қыркүйек аралығындағы кезеңде, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейін ай сайын ұсынылады;

       ФУ-5 – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтер мен ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп – жыл сайын 5 қаңтарға дейін ұсынылады.

        Фитосанитариялық есепке алу нысандарын қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар белгіленген талаптарға сәйкес пестицидтерді өндіру, өткізу, қолдану, орын ауыстыру, сақтау немесе залалсыздандыру орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

         Фитосанитариялық есепке алу нысандарын уақытылы тапсыру аумақтың фитосанитариялық жағдайы туралы дұрыс ақпарат қалыптастыру, алдын алу іс-шараларын жоспарлау және ауыл шаруашылығы дақылдарына төнетін ықтимал қатерлерге жедел ден қою үшін маңызы зор.

        Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тиісті фитосанитариялық есепке алу нысандарын белгіленген мерзімде уақытылы, толық әрі дұрыс түрде ұсынуды қамтамасыз етуге қажет.

 

      «ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін сақтау тиімді мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың маңызды құрамдас бөлігі екеніне назар аударады.

      Фитосанитариялық есепке алу нысандары мына мекенжай бойынша қабылданады:

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Интернациональная көшесі, 6.

      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен есептілікті белгіленген талаптарға сәйкес уақытылы ұсынуға шақырамыз.

 

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ» ММ

 басшысы                                                                        А.С. Нургаламова

Дата публикации
30 сентября 2026
Дата обновления
30 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы