Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

ЖСК туралы ереже

        Ертіс аудандық аумақтық

        сайлау комиссиясының

        қаулысымен бекітілген

        2025 жылғы  «10» қыркүйегі №34

 

 

Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы

Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі-Клуб) Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас азаматтардың, сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады.(бұдан әрі –Ертіс ААСК) Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
  2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ертіс ААСК, «Ертіс ауданының Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ, «Ертіс аграрлық-техникалық колледжі» КММ, сондай-ақ Ертіс ауданы мектептерінің мүшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
  3. Клуб туралы Ереже Ертіс ААСК қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың сайлау науқандарына белсенді қатысуы, құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды және Жас сайлаушыларды дамыту болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен танысу;

2) жастардың сайлауға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысуға қызығушылығын дамыту;

3) жастардың азаматтық бастамаларын қолдау және іске асыру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

 

  1. Клуб қатысушылары - мектеп оқушылары (9-11сыныптар), колледж студенттері (келісім бойынша).
  2. Клуб қатысушылары клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клубмүшелеріқұқылы:

 1) Ертіс ААСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстармен жүгінуге;

2) клуб қызметі бойынша ұсыныстар енгізу;

3) клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге жататын клуб қатысушыларының өзге де пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға міндетті.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар (семинарлар, тренингтер, дәрістер, пікірталастар және т.б.) түрінде жүзеге асырады.
  2. Клуб отырыстарын Ертіс ААСК төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы Ертіс ААСК болып табылады.
  4. Жұмыс органы:

1) оқу орындарының әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасайды;

2) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

3) клуб қатысушыларын кезекті отырыстың Күні мен күн тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді;

 4) клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді.

 

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Ертіс ААСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клубтың қызметі Ертіс ААСК төрағасының шешімімен тоқтатылады.
Дата публикации
17 июня 2026
Дата обновления
17 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы