Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жұмысы туралы есеп

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетті:

  1. Әскерге шақырудан кейінге қалдыруды беру;
  2. Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату.

2025 жылы аудан әкімінің аппаратымен барлығы 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді; оның ішінде әскерге шақырудан кейінге қалдыруды беру- 48, азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату-18. Бұл қызметтер жеке тұлғаларға көрсетілді, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

         Аудан әкімі аппаратының ғимаратында «Ертіс ауданы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығы» орналасқан. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабына сәйкес мүгедек адамдар үшін құқықтарды іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бірінші кезектегі қызмет көрсету қамтамасыз етілген, атап айтқанда, пандус, тактильді жолақтар, Браиль шрифті және мүгедектерге арналған шақыру түймесі бар. Өзіңе-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында брошюралар таратылды.

       2025 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

       Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі аудан әкімі аппаратының басшысының тұрақты бақылауында.

       2026 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Ертіс ауданы әкімінің

аппаратының басшысы                                                Р. Аренов

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы