
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2019–2025 жылдар аралығында Ертіс ауданында 9 елді мекенде жалпы сомасы 2 957 млн теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылды.
Аталған кезеңде жалпы ұзындығы 32 км-ден астам ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды: 4 мектепке, 4 ауылдық мәдениет үйіне және денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 100 орындық ауылдық клуб салынды, сондай-ақ Ертіс ауылында бассейн құрылысы жүргізілуде.
Қосымша түрде көшелерді жарықтандыру, инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 балалар ойын алаңы абаттандырылды.
Жобаны іске асыру ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ спорт, мәдениет және көлік инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік берді.