
2026 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Қазақстанда «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді.
Акция барлық жастағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғаудағы вакцинацияның маңызды рөлі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұраны вакцинацияның ондаған жылдар бойы жеке адамдарды, отбасыларды және қауымдастықтарды қорғаудың қауіпсіз және тиімді әдісі болып, ортақ әл-ауқат пен тұрақты болашаққа ықпал ететініне баса назар аударылады.
Вакциналар денсаулық сақтаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады.
2026 жылғы науқанның «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» тақырыбы вакцинацияның ондаған жылдар бойы жеке адамдарды, отбасыларды және қауымдастықтарды қорғаудың қауіпсіз және тиімді әдісі болып қала беретініне, бұл ортақ әл-ауқат пен тұрақты болашаққа ықпал ететініне баса назар аударылады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы 50 жылда олар 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Бұл адамдардың өзін, балаларын және айналасындағыларды қорғау шешімдерінің арқасында мүмкін болды. Вакцинацияны кеңінен қолдану нәрестелер өлімінің шамамен 40%-ға айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті және миллиондаған ауыр асқынулар мен мүгедектік жағдайларының алдын алуға көмектесті.
Науқан сонымен қатар вакцинацияға деген сенімді нығайтуға және сұрақтары мен алаңдаушылықтары бар адамдармен ашық және құрметті диалогта медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
Уақытында екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!