
Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Сондай-ақ оның міндеттеріне ұжымда моральдық өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.
Ертіс ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Нургалиева Гульнара Сериковна өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және басқа да азаматтарға сәрсенбі және жұма күндері сағат 09.00-17.00 Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118 мекенжайы бойынша қабылдау жүргізеді.
Қабылдауға +7 (71832) 2-13-43, 2-11-93, 87770682508 телефондары арқылы жазылуға болады.