
Электрондық сауда субъектілеріне де қолданылатын ӘҚБтК-нің
190-бабы сатушының міндеттерін орындамағаны үшін ескерту және айыппұл нысанындағы диспозициялармен және санкциялармен толықтырылды:
1) тұтынушылар үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда көрсетілген ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
2) ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету (бұл әрқашан ҚР АК-не сәйкес шарт тарапының міндеті болып табылған, ал енді тағы да әкімшілік жауапкершілік күшейтілген);
3) белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою туралы кінә қоюға жазбаша жауап ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Жазбаша жауап ретінде электрондық түрдегі хат та түсініледі.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады. Электрондық сауда саласындағы тұтынушылармен даулар да осы жүйеге түседі деп болжануда.
Көзі: zakon.kz.