Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Қазақстандағы электрондық сауданың даму серпіні

Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту шеңберінде сауда және интеграция министрлігі Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries-пен қазақстандық компаниялардың осы платформаларға шығуы бойынша келіссөздер жүргізуде.

Сондай-ақ, Министрліктің ақпараты бойынша Alibaba-да
42 қазақстандық бренд ұсынылған, тағы 3 компания витриналар дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды. 2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырады: Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында 5 мың жұмыс орнын құрумен және ауданы 100 мың шаршы метр логистикалық орталықтар салынады.

Бұдан басқа, қазақстандық цифрлық сауда платформаларын дамытуды ынталандырудың жаңа шаралары пысықталуда. Атап айтқанда, КТС мен ЖТС төлеуден қосымша босату. Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп «төлем жүйелері арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселелерін» пысықтауда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 қазақстандық цифрлық Сауда платформасы жұмыс істейді. Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және басқалары сияқты маркетплейстер.

Министрліктің болжамы бойынша, онлайн-сатып алу көлемі осы жылдың соңына қарай 900 млрд теңгені, ал 2022 жылға қарай 2 трлн теңгені немесе барлық бөлшек сауданың 13% – ын құрайды.

2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% - ына жетеді деп жоспарлануда.

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы