
2025 жылдың 28 шілдесі мен 28 тамызы аралығында облысымызда Дүниежүзілік гепатитпен күрес күніне арналған айлық өтеді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың вирустық гепатит туралы хабардарлығын арттыру, аурудың инфекциясы мен таралуының алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау, адамдардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін дамыту.
Айлық барысында профилактикалық іс-шараларға, балаларды екпемен қамтуға және тұрғындарды вирустық гепатит туралы ақпараттандыруға баса назар аударылады.
Айлық аясында медицина, білім саласы қызметкерлері, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, су құбыры қызметкерлерімен вирусты гепатиттің алдын алу бойынша семинарлар, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, ұйымдасқан топтарды оқыту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Вирустық гепатитке қарсы тұру үшін әр адам білуі керек!