
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі заңнама бұзушылықтарын алдын алу бойынша Ертіс ауданында келесі жұмыс атқарылуда:
Аудан әкімінің өкімімен әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары аудан әкімі аппаратының басшысы Р.К. Ареновке жүктелген.
Әдеп жөніндегі уәкіл жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау туралы мәліметтер Ертіс ауданы әкімдігінің сайтында және аудан әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында ақпарат қабырғасында орналастырылған.
2025 жылдың басынан бастап әдеп жөніндегі уәкілмен ҚР мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері жөнінде 7 адамға, мемлекеттік қызметке жаңадан кірген мемлекет қызметшілерге Әдеп кодексімен таныстыруымен, мемлекеттік қызметтегі тыйым салулар мен шектеулерді сақтау, жеке кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салу және мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге, сыйлықтарды алу, іскерлік стильді ұстану, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөнінде жеке кеңес өткізілді. Сонымен қатар екі жеке қабылдау жүргізілді.
Мереке күндері қарсаңында аудан әкімінің аппараттық кеңестерде бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылықтардың алдын-алу, қоғамдық резонанс тудыратын жағдайларды алдын алуы туралы ескертіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру, бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілерге, БАҚ-тағы жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жасау бойынша жұмыс, қызметтік автокөлікті пайдалану бойынша рейд жүргізілуде.
2025 жылдың ақпан айында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру, оның ішінде ойын мекемелеріне барудан бас тарту туралы семинар өткізілді. Әдеп кодексі мәтіні және Әдеп жөніндегі уәкілі туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік және орыс тілінде орналастырылған.
Мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібінің сақталуына және жұмыстан тыс уақытта негізсіз болуына бақылау жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты түрде бақылауда.