
Иелігіндегі және пайдалануындағы жерлерінде зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған ауыл шаруашылық құрылымдары аталмыш ұсыныстарды қатаң сақтауға және оларға қарсы вегетациялық кезеңде төмендегідей күрес шараларын жүргізулері қажет.
1.Егістіктен сапалы әрі мол өнім алу үшін ауруға шалдыққан және төрттен жоғары репродукциялы ескірген дәнді дақыл тұқымдарын ауыстырумен қатар көктемгі себу алдында Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енген (олардың тіркеу куәлігі, өнім сертификаты, қауіпсіздік төлқұжатының болуы мен жасандыдан және әсер етуші заттары азайтылғаннан ажырата білу) тұқым уландырғыштармен дәрілеу жұмыстарын уақытылы, сапалы жүргізуді қамтамасыз етумен қатар егістікке құйылған және сатып алынған тұқым материалдарын себу алдында толық сараптамадан өткізу;
2.Егін шаруашылығымен айналысушы шаруашылық субъектілері сатып алған тұқым дәрілегіштер мен арам шөптерді отауға және зиянкестерді жоюға пайдаланған гербицидтер мен пестицидтерді қолдану, сақтау, залалсыздандыру барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, пестицидтерден босаған ыдыстарды басқа мақсатта пайдалануға жол бермеу және арнайы келісім-шарт негізінде сатушыға немесе жеткізушіге тапсырып, жоюға жіберілуін қатаң қадағалау арқылы экология мен адам денсаулығына зиян тигізбеу;
3.Зиянкестер мен арам шөптерді химиялық жолмен отауға рұқсат етілген гербицидтерді пайдалану және өз қаражаты есебінен сатып алынатын қажетті химикаттар мен химиялық өңдеу жүргізуші мекемелермен алдын-ала келісім шартқа отыру, жүргізілген химиялық өңдеу жөнінде жергілікті атқарушы органның арнайы жүйесіне өтінім беру арқылы мемлекеттен берілетін субсидияға қол жеткізу;
4.Үйірлі және саяқ шегірткелердің көбеюі мен жайылым, шабындық, егістік жерлерге көптеп таралуының алдын алу мақсатында көктемде (күбіршектерден дернәсілдер шықпай тұрып) Зиг-Заг, БИГ-3 тырмалағыштар мен ЛДГ-10 қопсыта жыртқыштарды пайдаланып топырақтың 7-8 см тереңдігінде орналасқан күбіршектерді зақымдау арқылы жою мақсатында агротехникалық әдіспен күрес жүргізіп олардың санын 20-30%-ға дейін азайту;
5.Үйірлі шегіртке дернәсілдері 1 шаршы метрде 3 және одан көп дана, ал саяқ шегіртке дернәсілдері 1 шаршы метрде 8 және одан көп дана анықталғанда, яғни дернәсілдер жаппай 2-3 жасқа ауысқан кезде химиялық өңдеуді жүргізу қажет. Егер дернәсілдер дамудың 4 және 5 сатысына өтіп кетсе қорғау шаралары нәтижесіз болады;
6.Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (егіншілікпен айналысатын) фитосанитариялық есептілікті төмендегі фитосанитариялық есепке алу нысандарымен көрсетілген мерзімдері бойынша:
Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебі - ФУ-1, пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есебін ФУ-2 нысаны бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін жартыжылдық есептерді;
-Пестицидтерді, биоагенттердің сақтау туралы есебі ФУ-3, Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есебі ФУ-5, жыл сайын нақты сақтау орны бойынша 10 қаңтарға дейін жылдық есептерді;
-Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есебі ФУ-4 нысанымен ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 10-ына дейін айлық есептерді аудандық аумақтық инспекцияға тапсырулары қажет.
Жалпы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өсімдіктерді қорғау саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» №331 Заңының 11,12-баптары мен 13-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 наурыздағы №100, "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-02/584 және «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрықтарын тұрақты басшылыққа алу ұсынылады.
Фитосанитарлық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау ҚР-ның 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235-V Кодексінің 403-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаларға – 5, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Туындаған сұрақтар бойынша Ертіс ауылы Интернациональная көшесі 6 мекенжайда орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының 8-705-594-67-99 телефонына немесе bariev.b@minaqri.qov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы хабарласуға болады.
Қосымша 1 парақта: Павлодар облысы бойынша пестицидтер сатушылар мен қызмет көрсетушілер тізімі.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ» ММ
Реализаторы пестицидов Павлодарская область
|
Наименование |
Электронная почта |
Контактный номер |
|
Щелково агрохим |
cheban@betaren.kz;
|
53-39-63, 8-705-757-62-26, 8705-757-61-16 |
|
Сингента казахстан |
Ivan.Chernyshev@SYNGENTA.COM;
|
8701-314-70-71, 61-62-40 |
|
Альянс агротрейд |
z.mukanova@alliance-agrotrade.kz;
|
8771-771-23-97 Аруна |
|
Полгар агрокем |
info@ahp.kz; ktk_07@mail.ru; cactus79@mail.ru; |
8705-745-18-80 Динмухамед |
|
1-я агрохимическая |
onstroitelewa@gmail.com; |
8701-528-72-30 |
|
Астана нан
|
kompaniets@astana-nan.kz; pavlodar@astana-nan.kz; |
8777-659-85-10, 8705-544-49-96 8701-228-68-27, 8771-033-03-79 |
|
Алем агро холдинг |
y.zhambylova@alemagro.com; |
8705-450-50-50, 8771-056-09-53 |
|
Август Казахстан
|
a.aytkulov@avgust.com; e.shamsivaliev@avgust.com; n.chulanova@avgust.com |
8771-055-98-32 8771-085-00-34 Назгуль |
|
ТОО "Агролайф-Сервис"
|
agrolife.service@gmail.com; zossich.andrey@gmail.com; |
8701-528-72-30 Андрей Зосич |
|
Нертус агро |
nertusagro@bk.ru; |
8777-228-84-54 (ген директор) |
|
Павлодар ректив |
8771-134-19-13 |
|
|
ТОО Казтрасткем |
Ktk_07@mail.ru; |
33-68-78, 8777-435-78-33 |
|
ТОО Б-Агро |
asainov@bagro.kz |
8771-051-32-36, 8705-608-60-46 Ержан |
|
GR AGRO |
gr-agro.tmz.uchet@bk.ru |
8775-550-00-16 Наталья |
|
ТОО "Kazakhstan Green Resource" |
8776-008-77-77 Дина |
|
|
Достык агро 2012 |
8778-827-00-08 |
|
|
Агрохимпрогресс |
8771-427-49-42 Светлана Акажановна |
Поставщики услуг
|
Наименование |
Электронная почта |
Контактный номер |
|
РГП «Фитосанитария» |
pavlodar_karantin@mail.ru; |
8775-532-36-19 Руслан |
|
ТОО «Интер-СЛА» |
548214, 548216 Оксана |
|
|
ТОО «Агроконсульт» |
8777-533-05-03 Нуршатай Схатаевич |
|
|
ТОО «Агрозащита ПВ» |
8705-321-59-59 Ныгмет Кадырович |