Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

САУДА-САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

"Ертіс ауданының қаржы бөлімі" ММ 2025 жылғы 19 ақпанда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды:

www.e-qazyna.kz

Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР ҚРК 26.10.2024 ж. № 890 өзгерістерімен).

Электрондық аукционға бағалау құнының 50% мөлшерінде ең төменгі бағаны белгілей отырып, объектіні сату бағасын төмендетуге аудандық коммуналдық меншік объектісі қойылады.

  1. Павлодар облысы Ертіс ауылында, Бөгенбай көшесі, 100 н. т., 30 бастапқы бағасы 7538622000 теңге, кепілдік ақшалай жарна 376932 теңге.

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

 Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі: "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ алушысы БСН: 050540004455. "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; КНП: 171; Кбе: 16.

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Назар аударыңыз! Қатысушының Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын электрондық әмиянда сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болмауы тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 Электрондық аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша аукционға қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді. Электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы оларды сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және аукционға қатысушыларды жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болмаған кезде тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы өтінімде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарламаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.

            Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукцион жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін сатушыға ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат;

 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер не анықтама;

 заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

 Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

 Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыттан басталады.

 

 

 

Бағаны төмендетуге аукцион өткізу қағидалары:

 

1) Егер аукцион басталғаннан бастап екі минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға төмендегеннен кейін екі минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтті деп танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың ешқайсысы жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген деп танылады.

Тек бір қатысушы қатысқан аукцион, егер қатысушы бастапқы немесе ағымдағы бағаны растаған болса, өтті деп танылады.

 Егер бағаны төмендетуге арналған аукцион аяқталған сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады.

Әрбір сатылған мүлік бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратпен https сайтында танысуға болады: / / https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auctions/338013/view#немесе 8(71832) 2-24-40.

 

Дата публикации
06 февраля 2025
Дата обновления
06 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы