
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен,мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария-талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария-талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария-талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
«Ертіс ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ Мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді.
2024 жылы халыққа барлығы 113 мемлекеттік қызмет көрсетілді, дәлелді бас тарту – 0.
8.II санаттағы жоғарғы деңгейдегі жаттықтырушы атағы -2
9.II санаттағы орта деңгейдегі жаттықтырушы атағы – 0
10.II санаттағы жоғарғы деңгейдегі әдіскер атағы – 0
11.II санаттағы орта деңгейдегі әдіскер атағы - 0
12.II санаттағы жоғарғы деңгейдегі спорт нұсқаушысы атағы - 0
Бөлім ғимаратының залында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.
2024 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 15.00 Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 77 мекенжайындағы аудандық БЖСМ спорттық залында спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдауды Ертіс ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы және Ертіс аудандық БЖСМ оқыту меңгерушісімен бірлесіп жүргізді. Өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы олқылықтар анықталған жоқ.