
"Ертіс ауданының қаржы бөлімі" ММ 2025 жылғы 28 қаңтарда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды:
www.e-qazyna.kz
Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР ҚРК 26.10.2024 ж. № 890 өзгерістерімен).
Электрондық аукционға объектінің сату бағасын арттыруға аудандық коммуналдық меншік объектісі қойылады.
Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі: "ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ алушысы БСН: 050540004455. "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; КНП: 171; Кбе: 16.
Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
Назар аударыңыз! Қатысушының Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын электрондық әмиянда Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болмауы тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Электрондық аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша аукционға қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді. Электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы оларды сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және аукционға қатысушыларды жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болмаған кезде тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы өтінімде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарламаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукцион жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелерін сатушыға ұсынады:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер не анықтама;
заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыттан басталады.
Бағаны көтеруге аукцион өткізу қағидалары:
1) Егер аукцион залында аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген деп танылады;
2) Егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы бастапқы бағаны ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтті деп танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан аукцион, егер қатысушы бастапқы бағаны растаған болса, өтті деп танылады;
3) Егер бастапқы немесе ағымдағы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі бастапқы немесе ағымдағы бағаны растау арқылы жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, бұл баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 46-тармағында белгіленген қадамға ұлғаяды.
Сату объектісі бойынша бағаны көтеруге арналған аукцион қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өтеді.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына веб-портал арқылы аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратпен сайтта танысуға болады https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auctions/336309/view # немесе тел.8(71832) 2-24-40 арқылы алыңыз.