
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ карантинге жатқызылған өнімі облысаралық тасымалдау барысындағы карантиндік сертификаттың күшін жойғандығын хабарлайды!!!
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығының 5 параграфына 2024 жылдың 26 маусымдағы № 222 бұйрығымен өзгеріс енгізілуіне байланысты, 2025 жылдың 01-ші қаңтарынан бастап карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау барысында карантиндік сертификатпен тасымалдау қажеттілігі ережеден алынып тасталынғандығын хабарлаймыз.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ»