Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Фитосанитариялық есептерді электрондық форматта тапсыру.

          «ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 18-04-12 /1559-И хатына сәйкес, мемлекеттік дерекқорлармен тікелей интеграцияға мүмкіндік жасауға, қажетті заңда негізделген ақпаратты қамтамасыз ету және бизнес - серіктестер тізілімі адал кәсіпкерлерді қолдау мақсатында келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына және Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-02/584 бұйрығына сәйкес, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына есептілікті табыс етеді.

Өсімдіктерді қорғау саласына қатысты есептілікті автоматтандыру бизнеске мемлекет қоятын талаптарды нақты түсінуге, тексерулердің ашықтығы мен оларды қысқартуға, ал уәкілетті органдарға тексерулерді тағайындау және жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 112-1-бабына сәйкес ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін өзге де тұлғаларға ақпарат беру талаптары түсініледі:

1) ақпарат беру міндетті болып табылады;

2) ақпарат бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады;

3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынады.

Бұл ретте оларды беруді автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін ақпараттық құралдарды беруді талап етуге тыйым салынады.

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты»атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»Жалпыұлттық жоспардың 29-тармағында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығы) «таза парақтан» реттеуді енгізу көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Аппарат басшысы М.Оразаевтың 2021 жылғы 28 мамырда бекіткен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс – шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) 12.6-тармағында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде фитосанитариялық есептілікті ұсыну процесін автоматтандыру көзделген.

Осы тармақ шеңберінде кәсіпкерлерге қатысты қолданыстағы есептілікке ревизия жүргізу, оның ішінде мемлекеттік органға ұсынылатын есептіліктің әрбір түрі бойынша автоматтандыру деңгейін талдау бойынша мәселе қазіргі уақытта пысықталып, «ABIS» электрондық порталы іске қосылды.

Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, яғни өсімдіктерді қорғау саласына қатысты бақылаудағы субъектілержоғарыда көрсетілген электрондық порталына тіркелуі шектеулі уақытта қамтамасыз етілсін және бақылауға алынсын. Осыған байланысты барлық фитосанитариялық бақылау объектер Ертіс ауданының аумағында орналасқан және тіркелген "ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс ААИ" ММ есептілікті тапсыру үшін порталда электрондық форматта тіркеуді жүзеге асырсын.

 

Ертіс ауылы, Интеонациональная к-сі, 6. тел: 8(71832) 24717:     87055946799

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы