
2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі қызметтер |
654,0 |
Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары |
Мектеп оқушылары, студенттер, жастар, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, ауылдардың және ауданның а/о тұрғындары, ХӘОТ санаты (қандастар, қоныс аударушылар және т. б.) |
Тоталитарлық секталар қызметінің және діни терроризм мен экстремизм идеяларының таралуына қарсы тұруға бағытталған халықтың бойында толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
739,0 |
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы |
Аудан халқы |
Ертіс ауданының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне нөлдік төзімділікке тәрбиелеу |
|
3 |
Жастар еңбек жасақтарын құру |
3642,0 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Аудан мектептерінің оқушылары, студенттер, жұмыссыз жастар |
Аудан мектептерінің оқушыларын, NEET санатындағы студенттер мен жастарды жұмысқа орналастыру |
|
4 |
Лудомания мен нашақорлықтың алдын алу шаралары |
350,0 |
Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары |
Мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, аудан мектептерінің оқушылары, студенттер, жастар |
Салауатты өмір салтын насихаттау, адамгершілік құндылықтарды, құмар ойындарға және жаман әдеттерге төзбеушілікті тәрбиелеу |
|
5 |
Гендерлік саясатты дамытуға бағытталған іс-шаралар |
302,0 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы |
Ауданның әйелдер халқы |
гендерлік өзін-өзі тануды қалыптастыру, гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу |
2024 жылғы" 01 " қарашадағы жағдай бойынша