Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз, ҚҰТЫРМА!

Құтырма - бұл өлімге әкелетін қауіпті ауру. Оның қоздырғышы орталық және перифериялық жүйке жүйесіне әсер ететін вирус.

Адамның инфекциясы ауру жануардың тістеуі, тырнауы, сілекейлеуі, немесе жұқтырған сілекеймен  ластанған заттармен байланыста болған кезде пайда болады. Адам ағзасына енгеннен кейін вирус жүйке жолдары арқылы таралады, миға жетеді, онда қабыну дамиды, орталық жүйке жүйесінің өмірлік - маңызды элементтерінің жұмысын бұзады, нәтижесінде өлімге әкеледі.

Жабайы және қараусыз қалған жануарлармен қарым-қатынаста болған кезде вакцинопрофилактикасы ережелерін сақтау арқылы құтырудың алдын алуға болады.

Тек уақтылы жасалған антирабиялық вакцина адамда құтырма ауруының дамуынан құтқарады.  Вакцинация курсы неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тезірек иммунитет пайда болады, бұл аурудың дамуына жол бермейді. Құтырмаға қарсы вакцинациясы тегін жүргізіледі. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Есіңізде болсын! Жануарлардың әр бір тістеуінен, тырналуынан, сілекейленуінен дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Тек уақтылы жасалған антирабиялық вакцина адамда құтырма ауруының дамуынан құтқарады. Антирабиялық егу курсы неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тезірек иммунитет пайда болады, бұл аурудың дамуына жол бермейді Дәрігер тағайындаған вакцинация курсын үзуге болмайды.

Өз денсаулығыңызды, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!

Дата публикации
30 сентября 2024
Дата обновления
30 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы