
Қазақстан Респбуликасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 32 қаулысымен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесіне өзгерістер енгізілді.
Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК –тен (3 063000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыс санатына байланысты (30-дан 100 АЕК –ке дейін 91890-нан 306300 теңгеге дейін) құрайды. Егер пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тан асса, онда сыйақы сомасы көрсетліген соманың 10 пайызың құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен немесе 12 252000 теңгеден аспайды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.
Атап өтетін болсақ азаматтарды көтермелеу, егер хабарлаған адамның ұсынған ақпаратты шындыққа сай болса, немесе құзыретті органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықты анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде көмектескен жағдайда, жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамадрды қорғау « Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс –қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар, бұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Бұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Барлық азаматтырды сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділікке щақырамыз. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесісыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 8(71832) 2-47-17 нөмірене немесе 1424Call орталығына хабарлау қажет.
«ҚР АШМ АӨК МИК
Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы»