Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

2023 жылға «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі мен мерзімдері нақты регламенттеледі, оларды көрсету үшін құжаттардың толық тізбесі көзделген.

  «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің 11 түрін көрсетеді, оның 10-ы электрондық түрде, 1-і қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтер (Е-лицензиялау) www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы автоматтандырылған түрде және кеңсе арқылы көрсетіледі.

   «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» электрондық форматта көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күні.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» электрондық форматта көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күні.
  3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» электрондық форматта көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.
  4. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» электрондық форматта көрсетіледі көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн.
  5. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» электрондық форматта көрсетіледі. Бірінші кезең-28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең - 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
  6. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» электрондық форматта көрсетіледі. Бірінші кезең - 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
  7. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» қызмет қағаз нұсқада көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күн.
  8. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» ол 5 (бес) жұмыс күні электрондық форматта көрсетіледі.
  9. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.
  10. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.
  11. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні.

 

         2023 жылы барлығы 721 мемлекеттік қызмет көрсетілді (704 – і оң қаралды, 17 – сі бас тартылды), оның 708-і электрондық түрде, 13-і қағаз түрінде.

Дата публикации
19 июня 2024
Дата обновления
19 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы