Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

«Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазіргі уақытта халыққа мемлекеттік қызмет көрсету басым міндеттерге жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қазір жетілдірілуде, осы салада қолданыстағы заңнаманы практикада қолдану қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жеңілдету туралы айтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 553 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысымен енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері нақты регламенттеледі, оларды көрсету үшін құжаттардың толық тізбесі көзделген.

        «Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді, оның ішінде 3- электрондық түрде, 1-қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz.,е-лицензиялау порталы арқылы автоматтандырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жеке немесе заңды тұлғаға портал арқылы бекітілген нысан бойынша өтініш және ең аз құжаттар талап етіледі, бұл көрсетілетін қызметті алушыға:

         - үйден шықпай, тәуліктің кез келген уақытында өтініш бере отырып, өз уақытын қысқартуға;

     - кезекте отырмау;

    - жеке кабинетте өтінішті өңдеу бойынша кезеңдерді қадағалау;

    - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

  2024 жылдың 5 айында барлығы 199 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 189 - электрондық түрде, 10 - қағаз түрінде.

        Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі КММ келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

1." Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын беру (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін  беру"электрондық форматта көрсету мерзімі 1 жұмыс күні.

2." Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу. (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, (қайта кепіл) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру "қағаз форматында көрсету мерзімі 2 жұмыс күні.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» электрондық форматта көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлік» көрсету мерзімі 2 жұмыс күні электрондық форматта көрсетіледі.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған өзара байланысты қағидаттар, рәсімдер мен нақты іс-шаралар кешені бар.

Маңызды көрсеткіштердің бірі қолжетімділік, ашықтық және ашықтық қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмыс болып табылады. Осыған байланысты біздің мамандар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру курстарына жіберіліп, сертификаттар алды.

Бөлімнің инстаграм бетінде тұрақты негізде мақалалар, сондай-ақ аудандық «Ертіс» және «Ертіс Нұры» газеттерінде жарияланады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

         Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 8 (71832) 21083 телефоны немесе Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97 мекенжайы бойынша тікелей Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуға болады.

 

 

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің

 мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты

бас маманы Д.Д.Ашимова

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы