Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Бруцеллез

Бруцеллез – Brucella жалпы атауымен біріктірілген, бактериялар тудыратын, жануарлар мен адамның жұқпалы ауруы.

Бруцеллездің адамға берілуінің негізгі көздері бруцеллезбен ауыратын үй, ауылшаруашылық, жабайы жануарлар болып табылады.

Инфекция қалай пайда болады?

Бруцеллалардың берілуі тамақ өнімдері (термиялық өңделмеген сүт және сүт өнімдері, ет) арқылы, ауру жануарлармен тікелей байланыста болған кезде, сондай-ақ ауру жануарлардың мекендейтін жерлеріндегі шаң құрамындағы бруцеллаларды ингаляциялау кезінде және олардың өлекселерін кесу кезінде болады. Ауру жануарлар түсік түсіру және төлдеу кезінде, микробтардың көп мөлшері сыртқы ортаға шығарылған кезде адамдар үшін ең қауіпті.

Бруцеллездің белгілері.

Буындардағы, арқадағы үзіліссіз ауырсыну, күштің төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы (ұзақ уақыт бойы), тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақтың жоғалуы.

Бруцеллездің алдын алу шаралары:

- стихиялық сауда орындарынан ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз;

- шикі пісірілген, дұрыс қуырылмаған етті, шикі сүтті, өңделмеген ірімшіктер мен брынзаны жеуге болмайды;

- жануарлар (ІҚМ, ҰҚМ) болса, оларды  бруцеллезге уақтылы тексеру;

- жануарларға күтім жасау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;

- ауру малды анықтаған кезде оны оқшаулау және күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

 

Осы ұсыныстарды сақтай отырып, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!

 

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы