Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Павлодар мен Екібастұз ХҚО-лары 17.00-ге дейін жұмыс істейді

Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Павлодар мен Екібастұз қалаларының ХҚО-лары дүйсенбі – жұма күндері сағ. 09.00 – 17.00-ге дейін және сенбі күні сағ. 09.00 – 14.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ақсу қ. мен аудандық ХҚО –лар жұмысы өзгеріссіз.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚО мамыр айында жұмысын қайта бастаған болатын. Пандемия жағдайында Азаматтарға арналған үкімет жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды.

Атап айтқанда, қазір ХҚО-лар электронды порталда қолжетімсіз «қағаз»  түріндегі қызметтерді ғана көрсетеді.  Қызмет алушыларды ХҚО-ға келуін алдын-ала egov.kz порталындағы арнайы сервис және и eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондауы қажет.

Дата публикации
03 июля 2020
Дата обновления
03 июля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы