Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. 2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 12671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10563 науқас 14 жасқа дейінгі балалар, 354 жасөспірім, 1754 ересек адам. Айта кету керек, 70% немесе 8866 жағдай вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен-5286, медициналық қарсы көрсетілімдер-1555, егу жасына жетпеу-1930, өзге себептер-93. Тағы 16% немесе 2062 жағдай вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар. Қызылшаны тіркеу елдің барлық аймақтарында байқалады.

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады. Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шығарылды. Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап - қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау (ДМИ) жүргізу басталды.

Дата публикации
09 ноября 2023
Дата обновления
09 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы