Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕРДІ БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды  дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыз.

 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

 

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонмен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

 

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

 

          Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

 

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

 

          Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

 

          Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,  бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.

 

          Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

          Егер сізге немесе Сіздің туған-туыстарыңыз деструктивті культтер әсеріне шалдыққан болсаңыздар онда сенім телефоны арқылы психологтың кеңесіне жүгіне аласыз: 8 7182 32 50 50. Сонымен қатар Сіз ақпаратты біздің әлеуметтік парақшалардан да ала аласыз:

Мой мир – carmo.pvl@mail.ru

Facebook- carmo.pvl

Odnoklassniki – profile 553669852270

Vkontakte – id204432868

Дата публикации
28 сентября 2023
Дата обновления
28 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы