
Жіті ішек инфекцияларының, халық арасында тамақтан уланудың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, тұтынушылардың тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, қорғау құқықтары мен тәсілдері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылғы 01 маусымынан 10 маусымға дейін Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күніне орайластырылған облыстық онкүндік өткізіледі. Ертіс санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері стационарлық емес, стихиялық сауда орындарында және қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының, ботулизмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізуді жоспарланды.