
2023 жылдың 14 наурызында Голубовка ауылындағы аудандық мәдениет үйінде Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы № 277, 278, 279, 280, 281, 282, 283 учаскелік сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқыту жүргізді. Тренинг «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны түрінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның нәтижесінде бекітілген оқыту жоспарларына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне ААСК мүшелерімен тренингтер өткізу туралы шешім қабылданды.