Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Пестицидтерді дұрыс таңдау туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өсімдік өнімдерінің зиянкестерден жоғалуын болдырмау мақсатында «ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ өсімдіктерді қорғау инспекциясымен фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық шараларды жүзеге асырады.Айта кетерлігі, жыл сайын жүргізіліп жатқан шаралар ауданда қолайлы фитосанитарлық жағдайды сақтауға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен арамшөптерімен күресу шараларының бірі пестицидтерді қолдану болып табылады.

Пестицидтер – өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге қарсы күресу үшін, сонымен қатар өсуді реттеу, егін жинау алдында жапырақтарын алу (дефолианттар), өсімдіктерді жинау алдында кептіру (десиканттар) үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық препараттар. Пестицидтің белсенді заты оның биологиялық белсенді бөлігі болып табылады, оны қолдану зиянкестердің белгілі бір түріне немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер етеді.Пестицидтерді сақтау және қолдану халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Пестицидтерді сақтау халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі экологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген құрылыс нормалары талаптарына жауап беретін, арнайы осыған арналған қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.Пестицидтерді қолдану пайдалану (қолдану) регламенттеріне (шығыс нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылатын жеке қорғаныс құралдарын қолдану) сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілгендер тізіміне енбеген пестицидтерді пайдалануға тыйым салынады.Пестицидтерді сатып алу кезінде жеткізушілерден пестицидтердің сапа сертификатын, қауіпсіздік паспортын, Қазақстан Республикасында пестицидті тіркеу туралы куәлікті талап ету қажет, бұл импорттық пестицидтерге бақылауды күшейтуге және контрафактілік препараттарды әкелу мен пайдалануға жол бермеуге мүмкіндік береді.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
10 марта 2023
Дата обновления
10 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы