
2023 жылғы 3 наурызда балабақша – бөбекжайда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқыту жүргізді. Семинарда «Сайлау күні» іскерлік ойыны түрінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның нәтижесінде бекітілген оқыту жоспарларына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне ААСК мүшелерімен оқытуды өткізу туралы шешім қабылданды.