Иртышский район

Меню

Страницы

Статья

Адамның иммундықжетіспеушілік вирусы

АИВ (адамның иммундықжетіспеушілік вирусы) — бұл аса ұсақ АИВ-инфекциясын тудырушы вирус. Вирустың (АИВ) адам ағзасына енуі ісік жасушалары мен патогендерді теңестіре және жоя отырып, адам ағзасын сырқаттардан қорғанысын қамтамасыз ететін иммундық жүйенің әлсіреуі мен бұзылуына әкеліп соғады.

         АИВ адам ағзасына түскен кезде иммундық жүйе жасушаларын бұзады, нәтижесінде оның жұмысы  қысым көріп, ЖИТС –жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы дамиды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық статусы бар адамдар үшін тән емес қайталама оппортунистік сырқаттар пайда болады.

АИВ инфекциясы қалай білінеді

         Иммундық тапшылық вирусының 3-6 апта шамасында созылатын инкубациялық кезеңі бар. Бұл уақыт өткеннен кейін 50-70% жағдайда өткір қалтырау фазасы басталады, ол келесімен бірге жүреді:

  • жоғары температура (көп жағдайда 37,5°С-дан жоғары емес)
  • тамақтағы ауырсыну
  • буын, бұлшықеттегі ауырсыну
  • бас ауруы
  • ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы
  • лимфа түйіндерінің ұлғаюы
  • жүрек айну, диареия, құсу
  • терінің бөртуі, сілемейлі қабықтың зақымдануы
  • серозды менингит (өте сирек)

         Ерекшеліксіз өтетін және 1-2 аптада басылатын қарапайым тұмау мен АИВ-инфекциясының алғашқы белгілерін шатастырып алу өте жеңіл (өткір қалтырау фазасы қанша уақытты алатыны науқас иммунитетінің күйіне байланысты болады).

ЖИТС-тің пайда болу белгілері

         Жұқтырған кезден бастап 1-3 айдан соң ағзада АИВ-ке қарсы антиденелер өндіріле бастайды, соның нәтижесінде ауру белгі берусіз жүреді.Кейде бүл мерзім 10 жылға дейін созылуы мүмкін, ал кейбір науқастарда бүл фаза мүлдем болмайды.

         Көп жағдайда ЖИТС беліглері өкпенің зақымдануы, Капоша саркомасының дамуы, сілемейлі қабықтар мен терінің зеңмен зақымдануы, кандидоздар, пневмоцистік пневмония, ұзақмерзімді қалтыраудан көрінеді. 10% жағдайда АИВ-инфекциясы тез өтеді, сәйкесінше ЖИТС өте тез шығады – көбінесе жұқтырғаннан кейінгі бірнеше аптада науқастың жағдайы күрт төмендейді.

Берілу жолдары

АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:

  • жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде
  • парентеральды  — қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда
  • перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде

АИТВ қалай берілмейді?

  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейн, монша, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шағып алғанда
  • достық сүйісулер арқылы
  • ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
  • үй жануарларымен қарым-қатынаста
  • азық-түлік арқылы
  • АИТВ-ның алдын алу

         Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу–инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады.

         АИТВ-ның алдын алу жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі — АИТВ-жұқпасының тігінен берілу жолының алдын алу, яғни адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы болып табылатын жүкті әйелдерге профилактикалық курстардан өту. Бұл терапия жатыр ішінде балаға жұқтыру қаупін мүмкіндігінше төмендетуге бағытталады. Табиғи босану жолдарын алмастырушы ішті жарып алу әдісі, жұқтырылған анадан туылған нәрестені жасанды тамақтандыру – бұлардың барлығы АИТВ-ның алдын алу жолдарының әдістері.

         Инъекциялық есірткіні тұтынушыларда АИТВ-инфекциясының алдын алу: оларға міндетті түрде таңдау ұсыну керек: тұтынуды тоқтату, немесе оның қауіпсіз түрлеріне ауысу (шегу, иіскеу, жұту) немесе иньекцияны стерильді аспаптармен жасау. Бұл «есірткіні тұтыну барысында қауіпті төмендету» немесе «есірткімен туындайтын зияндылықты төмендету» стратегиясы деп аталады. Инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясы бойынша тиімді профилактиканың негізгі принциптері төмендегілер болып табылады:

  • Ақпараттық жұмыс және білім беру;
  • Әлеуметтік қызметтерге және медицина қызметтеріне қолжетімдікті қамтамасыз ету;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен қабылдаушылар қатарына кіретін адамдар арасында белсенді ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен енгізетін адамдардың стерильді инъекциялық аспаптарға және жарарсыздандырғыш материалдарға қолжетімдігін қамтамасыз ету;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен енгізетін адамдарға антиретровирустық және алмастырушы терапияны қабылдауға мүмкіндік беру.

         Жұқпаны жыныстық жолмен жұқтырудың профилактикасы ерекше мән беруді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, емделмеген жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін 5–10 есе арттырады.

         Әлемдегі АИТВ жұқтырғандардың және ЖЖБА жартысына жуығы 10 –нан 25- жасқа дейінгі жастардың үлесіне тиесілі болып отыр. Осыған байланысты жастарды жауапкершілікті және қауіпсіз сексуальдық мінез-құлыққа оқыту маңызды болып отыр.

         Іс жүзінде жыныстық қатынас туралы тәрбие беру, өсіп келе жатқан жастарға дұрыс шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға, қауіптілікті туындататын көптеген факторларға, оның ішінде тәжірибе жасаумен, өзін нық сезінумен, құрдастары қатарынан қысыммен, нашақоршылардың белсенділігімен бетпе-бет келгенде психологиялық иммунттет қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманның жастары әртүрлі және өзара байланысты көп проблемалармен бетпе бет келуіне байланысты, жыныстық сауатын ашу және қауіпсіз мінез-құлықты насыхаттау заманауи әлемдегі өмір әдеттеріне жалпы оқыту кешенінің бір бөлігі болуға тиісті.

Бүгінде АИТВ профилактикасы жастармен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге, жұқтырулардан қорғану үшін мүшеқапты қолдану маңыздылығын түсіндіруге тіреледі. Жас ұрпақ аурудың берілу әдістерін және АИТВ-инфекциясын жұқтыруды қалай оңтайлы болдырмауға болатыны туралы білуге тиісті.

         Қан арқылы жұқтырудың алдын алуда дәретханалық керек-жарақтарды қолдану барысында жеке басының гигиенасы ережелері туралы есте сақтау керек. Бірінші кезекте, ол кесіп алуы мүмкін және онда қанның дағы сақталуы мүмкін заттарға (қайшылар, тістеуіктер, сақал қырғыш станоктар және б.) қатысты болады. Медициналық мекемелерде аспаптарды стерилизациядан өткізу, донор қанын АИТВ-ға тесттен өткізу сияқты міндетті болып табылады.

         Профилактиканың міндеттері — адамдарды ерікті түрде ұзақ уақытқа өзінің мінез-құлқын, анағұрлым қауіпсіз жасап өзгертуге көзін жеткізу болып табылады.

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
16 октября 2026
Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы